Блог статистикасы
195
Жазбалар
4598
Өтініштер
178965
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Қарабалық ауданы үшін қолайлы жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы

«Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Қарабалық ауданының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Қарабалық ауданы үшін қолайлы  жайылым айналымдарының  схемасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) Қазақстан Республикасының құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық  мемлекеттік кәсіпорнына оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін мемлекеттік тіркеу күнінен бастап он күнтізбелік күн арасында бағыттауды;

3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.                                                           

3. Осы қаулының орындалуын бақылау ететін Қарабалық ауданы әкімінің жер мәселелер жөніндегі жетекшілік орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

 

Қосымша

қаулысына

2019 жылғы «____» ___________

№ ___қаулысымен бекітілген

 

 

 Қостанай облысы Қарабалық ауданы үшін  қолайлы  жайылым айналымдарының схемасы




Жылдар

1 қаша

2 қаша

3 қаша

4 қаша

2019

көктемгі-жазғы мезгіл 1

жазғы            мезгіл 2

күзгі      мезгіл 3

демалатын қаша

2020

демалатын      қаша

көктемгі-жазғы мезгіл 1

жазғы    мезгіл 2

күзгі         мезгіл 3

     

  Ескертпе: 1, 2, 3, 4 - жылына қашаны пайдалану кезегі.

хат жіберу