Блог статистикасы
195
Жазбалар
4599
Өтініштер
178973
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы

«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3- тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабының 2-тармағына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері анықталсын:

1) дәнді (жазғы бидай, жазғы арпа, сұлы, тары, қарақұмық, бұршақ) 15 мамырдан бастап 10 маусымға дейін;

2) майлы дақылдар 5 мамырдан бастап 31 маусымға дейін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.С.Саринге жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 5 мамырынан бастап туындаған әрекеттерге таратылады.  



Аудан әкімі                                                       Қ. Ғабдулин

хат жіберу