Блог статистикасы
195
Жазбалар
4420
Өтініштер
175451
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және кадағалау комитеті Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 25 қазандағы № 01-20/313 ұсынымының негізінде, Смирнов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Тогас и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Смирнов ауылдық округі, Приозерное ауылында орналасқан аумағында ірі қара мал бруцелезінің туындауына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және кадағалау комитеті Қарабалық аудандық аумактық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қарабалық аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотикалық ошақта ветеринариялық-санитариялық салауаттылыққа қол жеткізу үшін қажетті іс-шаралар өткізуге ұсыныс берілсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бықылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 25 қазаннан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

Смирнов ауылдық округінің әкімі                                     Б. Қапанова

хат жіберу