Блог статистикасы
195
Жазбалар
4420
Өтініштер
175451
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Шектеу шараларын алып тастау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-1- бабының 8) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы  24 мамырдағы № 01-20/166 ұсынысы негізінде Смирнов ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

          1. Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Смирнов ауылдық округінің Приозерное ауылында орналасқан «Тогас и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен ветеринарлық-санитарлық іс-шаралардың кешенін орындау және қара ірі малдың бруцеллез ауырын жою бойынша дезинфекциялауына байланысты шектеулі іс-шаралар шешілсін.

          2. Смирнов ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 1 «Шектеулі іс-шараларды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 9 желтоқсанда  6728 нөмірінде тіркелінген, аудандық «Айна» газетінде 2016 жылы  15 желтоқсанда № 52 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

         3. Осы шешімінің орындалуын бақылау өз атымда қалдырамын.

         4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 24 мамырдан бастап туындалған қарым-қатынастарға таратылады.

    Б. Капанова

хат жіберу