Блог статистикасы
195
Жазбалар
4420
Өтініштер
175451
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Тоғызақ станциясы-Бөрлі ауылы-Надеждин ауылы- Смирнов ауылы» талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу үшін жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабының 4-тармағына, 19-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес:

1. «SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Тоғызақ станциясы-Бөрлі ауылы-Надеждин ауылы-Смирнов ауылы» талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу үшін, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Тоғызақ ауылы мекен-жайы бойынша орналасқан, алаңы 0,6731 гектар жер учаскесіне, 3(үш) жыл мерзіміне шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.

2. «Тоғызақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы шешімді Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғанан кейін орналастыруы.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз артыма қалдырамын.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Түсіндірме хат

хат жіберу