Блог статистикасы
195
Жазбалар
4598
Өтініштер
178966
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Тоғызақ станциясы-Бөрлі ауылы-Надеждин ауылы- Смирнов ауылы» талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу үшін жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің    19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы  1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Бөрлі ауылдық округінің  әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Тоғызақ станциясы-Бөрлі ауылы-Надеждин ауылы-Смирнов ауылы» талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу  үшін, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Бөрлі ауылы мекен-жайы бойынша орналасқан, алаңы 1,0580 гектар жер учаскесіне, 3(үш) жыл мерзіміне шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.

2. «Бөрлі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1)  осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы шешімді Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғанан кейін орналастыруы.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз артыма қалдырамын.

 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

    Бөрлі ауылдық округінің  әкімі                                           А. Сағынбек

Түсіндірме хат

хат жіберу