Блог статистикасы
195
Жазбалар
4601
Өтініштер
179041
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Ақылды мектеп – қуатты ел

№1 ОМ мұғалімі Татьяна Николаевна Мандрова – білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша жұмыс істейтін ауданның тәжірибелі мұғалімдерінің бірі.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында осыған акцнет жасады. Білім берудің жаңа сапасы – бұл тек қана жаңа оқулықтар мен стандарттар емес, сонымен қатар жаңа кадрлар дейді бұл құжатта. Бұны

Татьяна Мандрова жақсы түсінеді және өзінің кәіби біліктілігін дамытып, жетілдіруде.

Жас қарабалықтықтар оқитын 2 «А» сыныбында Татьяна Николаевна балаларға бәрімізге үйреншікті бес балдық шкаламен баға қояды. Бағалау жүйесі енді өзгеше – көп балдық шкала қолданады. Бағлау балдары қойылатын журнал енді қағаз емес - электронды. Ал баллар өз бағасын мұғалімнің үстеліндегі моноблок арқылы біледі – баяғы қағаз журналға қарап білетіндей. .

Екінші сыныптағыларда жаратылыстану және көркемдік еңбек сияқты жаңа пәндер пайда болды. Ағылшын тілінің екі сағат сабағы қосылды. Қаңтардағы жолдаудың «Адами капитал – жаңғыру негізі» бөлімінде «қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және  ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде» делінген.

Білім берудің жаңартылған мазмұны баллардың дамуына, оларды өз бетінше білім алуға үйретуге бағытталған. Сондықтан қазіргі жағдайда жастардың білім алуына және жаңа технологиялық жағдайға дайын болуына баса назар аударылады.

Әрине, №1 ОМ бастауыш сыныптары бұл жолдың бастауында ғана. Дегенмен, білім берудің жаңартылған мазмұнын қолданудың алғашқы нәтижелеріде бар: өткен жылдың қорытындысы бойынша бірінші сынып параллельдері 100% үлгірім мен 96% білім сапасын көрсетті.

хат жіберу