Статистика блога
195
Записей
4601
Обращений
178974
Посетителей
Областные Управления
(финансируемые из местного бюджета)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округі Қособа ауылыныңқұрамдас бөліктерін қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14- бабының 4) тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 20 маусымдағы қорытындысы негізінде және халқының пікірін ескере отырып, Қарабалық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         1. Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округі Қособа ауылында Ленин көшесін Ақжол көшесіне, Совхозная көшесін Бастау көшесіне қайта аталсын;

         2. «Қарабалық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

         1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

          2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

     3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қарабалық ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

     4) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін;

     3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

     4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қарабалық ауылдық округінің әкімі                                   М. Велин

«Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округі Қособа ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы» Қарабалық ауылдық округінің әкімі шешімінің жобасына түсіндірме хат

Түсіндірме хатта көрсетілетін мәліметтердің тізімі

Ескерту

1.

Шешім жобасының атауы

«Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округі Қособа ауылының құрамдас бөлігін қайта атау туралы»

2.

Мемлекеттік орган- жобаның әзірлеуші

«Қарабалық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

3.

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негізі

Жоқ

4.

Қандай заңнама актілерді, Президентінің, ҚР Үкіметінің актілерді, өзге де актілер немесе тапсырмаларды іске асыру мақсатында жоба енгізіледі

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14- бабының 4) тармақшасы

5.

Күтіп отырған нәтижелердің нақты мақсаттары және мерзімдері

Қособа ауылының Ленин көшесін Ақжол көшесіне, Совхозная көшесін Бастау көшесіне қайта аталсын

6.

Жобаны қабылдаған жағдайда болжамдап отырған әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жоқ

7.

Жобаны іске асыруға байланысты болжамдап отырған қаржылық шығындары

Жоқ

8.

Жобада көрсетілген құзіретіне кіретін сұрақтарды мемлекеттік органның басшысы бұрыштамасының болмау себебі

Барлық қажетті бұрыштамалары бар

               

9.

Жобада қарастырылған мәселелер бойынша бұрын қандай актілер қабылданған туралы мәліметтер

Жоқ

10.

Жобаға сәйкес өзге актілерді келтіру қажеттілігі

Жоқ




11.

Басқа да мәліметтер

Жоқ

Отправить письмом